$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2020, 15:28
Саясат

Аграрлық университет ректорының ұлы елордада Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды

Жаңа әкім бұған дейін Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған

Аграрлық университет ректорының ұлы елордада Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды
фото: astana.gov.kz

ҚР Президентінің Әкімшілігімен және елорда мәслихатының депутаттарының келісімі бойынша Бектенбай Тілектесұлы Есполов Алматы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Ол бұған дейін Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

«Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 10 жылдан асады. 37 жастағы Бектенбай Есполов меритократия қағидатына сәйкес кеңсе сарапшысынан ҚР Президенті протоколы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен тәжірибелі маман», - делінген ақпаратта.

Бектентай Есполов – Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовтың ұлы. Ал бұған дейін Алматы ауданын басқарған Әділбек Сәрсембаев «Қазақстан инжиниринг» басшысы болып тағайындалды

Серіктес жаңалықтары