$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2020, 10:23
Жаңалықтар

Камалжан Надыров коронавирус жұқтырып алған

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады

Камалжан Надыров коронавирус жұқтырып алған
Фото: primeminister.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

«Кеше Үкімет қаулысымен Камалжан Талғатұлы Надыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.

Алматы қаласында коронавирустық инфекция кеңінен тарап, жағдай қиындаған соң Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысы лауазымына К.Т. Надыровты тағайындау жоспарланған еді.

Алайда, кеше кешкісін К.Т. Надыровқа коронавирустық инфекция жұқтырған деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты.

Әріптесім Камалжан Талғатұлының тез сауығып кетуіне тілектеспін және қолдау білдіремен!», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Елжан Біртанов осы жағдайға байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылғанын мәлімдеді.

«Жалпы, Алматыдағы COVID-19 қатысты жағдай мемлекет және қала басшылығының ерекше бақылауында. Бүгін таңғы мәлімет бойынша мұнда 678 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды, скрининг нәтижесінде науқастардың жартысына жуығы медицина қызметкерлері екені белгілі болды. Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы індеттің ошағы оқшауландырылды, барлық пациенттер, коронавирустық инфекция диагнозы расталған қызметкерлер қаладағы стационарларға орналастырылды және емделуде. Аталған аурухананың ғимараттары толық дезинфекцияланады, стационар содан кейін ғана науқастарды қабылдауға кіріседі», - деді Е. Біртанов.

Серіктес жаңалықтары