Бұл жолы бірінші ханымның «былығын» ашқан - Солтүстік Корея көршісіне әуеден қоқыс лақтырды

Темірхан Айжан

Оңтүстік Корея аспанында қалың қағаз ұшып жүр

Бұл жолы бірінші ханымның «былығын» ашқан - Солтүстік Корея көршісіне әуеден қоқыс лақтырды
Фото: Yonhap

Солтүстік Корея республикасы Оңтүстік Кореяға әуеден қоқыс толы шарлар лақтырып, шардың ішіндегі қағазға осы елдің президенті мен әйелі туралы жағымсыз сөздер жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шарларда қоқыспен араласқан Оңтүстік Кореяның президенті мен бірінші ханымын сынаған парақшалар болған. Шарлар әуеда жарылып, Сеулдегі президент резиденциясының айналасына шашылған. Президенттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, шашылған қоқыстың ішінде зиянды заттар жоқ және олар дереу жиналды.

Солтүстік Кореяның оңтүстіктегі көршісіне әуеден қоқыс тастауды әдетке айналдырған, алайда президент пен оның жұбайын сынаған парақшаларды алғаш рет жіберіп тұр.

Парашалардың бірінде президент Юн Сок Ельді «ядролық күшті көріп отырып, режим құлайды деп сандырақтайды» деп келеке етсе, бірінші ханым Ким Кеон Хи-ді француз патшайымы Мария Антуанетта сияқты шектен шыққан адам деп жазған, сонымен қатар оның қымбат әшекейлерінің бағасын нақтылап көрсеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.