11.10.2024, 09:56
Саясат
Қазақстан мен Австрия арасында тікелей рейс ашылады
Рейстер келесі жылы көктемде басталады
Фото: Азаматтық авиация комитеті
Scat әуе компаниясы 2025 жылы Қазақстан мен Австрия арасында тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесуінде айтылды.
«Кездесу барысында Қазақстан мен Австрия арасында аптасына екі рет ұшатын тікелей рейстер ашу мәселесі талқыланды. СКАТ әуе компаниясы рейстерді 2025 жылдың көктеміне жоспарлап отыр», - деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.
Тараптар жиын барысында туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелерін де қозғады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
