08.10.2024, 11:32
Саясат
Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумның соңғы шешімі белгілі болды
Комиссия қорытындыны жариялады
Фото: Azattyq Ruhy
Орталық референдум комиссиясының отырысында Нұрлан Әбдіров референдум қорытындылары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орталық референдум комиссиясы еліміздегі референдумды өтті деп растады.
«Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады. Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады»,- дейді Әбдіров.
Осылайша, референдум өтті деп саналады және ол оң шешімге ие болды.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
