06.10.2024, 19:03
Саясат
«Азаматтық парызымды орындадым»: сенат депутаты дауыс берді
Ол дауыс беру демократиялық қоғамның принципі екенін жеткізді
Фото: https://www.instagram.com/b.akkozhina/
Сенат депутаты Бибігүл Аққожина азаматтық парызын орындап, референдумда дауыс бергенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Референдум – коғам мен мемлекеттің дамуындағы аса маңызды кезең. Сондай-ақ мұндай қадам демократияның негізгі принциптерінің бірі және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуының жарқын көрінісі. Бүгін өзім де тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында азаматтық парызымды орындап, референдумда дауыс бердім»
Еске салсақ, 18:00-дегі жағдай бойынша еліміздің 7 537 675 азаматы бюллетень алды. Бұл тізімдегі азаматтардың 61,56 пайызын құрайды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты