Тоқаев кіші Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Azattyq Rýhy

Сердар Бердімұхамедов әкесі Гурбангулы Бердімұхамедовтің орнына 2022 жылдың наурызында президент болып келген

Тоқаев кіші Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.

«Президент құттықтау жеделхатында Ашхабадтың мемлекеттілікті нығайтудағы жарқын жетістіктеріне тоқталып, шетелдік серіктестермен қарым-қатынаста сындарлы ұстанымға жүгінетін бейтарап Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстанмен арадағы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік қатынас және өзара қолдау дәстүрінен айнымай, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілді екенін растады», - деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.