Әкімдердің тікелей сайлануы жергілікті басқару саласын жақсартудағы маңызды қадам болды – Имдат Эфендиев

Темірхан Айжан

Имдат Эфендиев Жолдаудағы қандай тапсырмалар мемлекеттік органдардың жұмысын ашық ете түседі деген сұраққа жауап берді 

Әкімдердің тікелей сайлануы жергілікті басқару саласын жақсартудағы маңызды қадам болды – Имдат Эфендиев
Фото: Istockphoto

Абай облысы «СМУ» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Медицина ғылымдарының кандидаты Имдат Эфендиев Президент Жолдауындағы Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру жөніндегі бастамалар туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Екінші қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан, заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында халыққа Жолдауын жариялады. Мен Жолдаудың сегізінші тармағындағы мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру жөніндегі бастамаларды ерекше атап өткім келеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асқан сәттен бастан біз, расында, халық пен билік өкілдері арасындағы байланыстың жақсарғанын байқадық. Азаматтардың өз пікірін білдіріп, билікпен диалог жүргізуге арналған түрті тетіктердің құрылуы мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығына әсер етті», - дейді спикер.

Ол жергілікті басқару саласын жақсартудағы маңызды қадам ретінде әкімдердің тікелей сайлануын атап өтті.

«Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлауға түпкілікті көшу – азаматтарымыздың мемлекеттік билікке деген сенімін одан әрі күшейтеді, әрі басқару саласының сапасы арта түсетініне сенімім мол. Меритократия қағидаттарын енгізуді және дамытуды жалғастыруымыз керек, бұл бізге мемлекеттік биліктің бүкіл деңгейінде біліктілігі жоғары, халқы үшін қызмет ететін қызметкерлерді шығарады. Қорытындылай келгенде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мемлекеттік басқару жүйесін жақсартуға үлкен мүмкіндіктер ашады», - деді ол.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.