$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2024, 11:06
Саясат

Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тәжікстан 1991 жылы 9 қыркүйекте егемендігін жариялаған еді

Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, Тоқаев құттықтау жеделхатында Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығының арқасында Тәжікстан маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жасап, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін айтқан.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары