04.09.2024, 12:55
Саясат
Министр Еуроодақ санкциясына ұшыраған 2 қазақстандық компанияны атады (ВИДЕО)
Оның бірі – DA Group 22
Shutterstock / Fotodom
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Еуроодақ санкциясына ұшыраған 2 компанияны атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«АҚШ ресми ақпараты бойынша, 2 компания. DA 22, тағы екінші компания болған. Оны қазір айта алмаймын. Олар электроника саудасымен айналысқан. Басқа ақпарат жоқ», - деді министр.
Айта кетерлігі, Астанада тіркелген компания 2024 жылғы 25 маусымда санкциялар тізіміне енді. 2024 жылдың ақпанынан бастап DA Group 22 АҚШ-тың санкциялар тізімінде болды. Ашық көздерден алынған мәліметтерге сәйкес, компания 2022 жылдың наурызында шағын кәсіпорын ретінде тіркелген.
Ақпан айында Еуропалық Одақтың санкциялар тізіміне енген тағы бір қазақстандық компания туралы белгілі болды.
Көп оқылған
15.05.2026, 14:09
«Жетпіс мың теңге үшін көкбауырын үзіп жіберген»: Алматы облысында тағы бір бозбала төбелестен көз жұмды
15.05.2026, 17:03
Жол сапасы назарда: Ақмола облысында ондаған зауыт тексеріліп жатыр
15.05.2026, 15:53
Семейде ер адам бүлдіршіндерге қарап тұрып, ұятсыз әрекет жасады (ВИДЕО)
16.05.2026, 10:38
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды