АЭС жұмысына көп су жұмсала ма? БелАЭС басшысы жауап берді

Аягөз Құрмаш

Технологиялар үшін су аса қажет

АЭС жұмысына көп су жұмсала ма? БелАЭС басшысы жауап берді
Фото: Azattyq Ruhy

Островец қаласындағы атом электр станциясының жұмысына қанша су қажет екенін Беларусь атом электр станциясының директоры Сергей Бобович айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған дейін Қазақстанда АЭС салу мәселесін жария талқылау кезінде қазақстандықтар Балқаш көлінің суына қатысты алаңдаушылық білдірген еді. БелАЭС басшысы Островецтегі АЭС тәжірибесі жайлы айтты.

«Балқаш көлі жайлы көп естідім. Ол өте әсем жер. Бүгін жүзеге асырылып жатқан жобалар үшін, АЭС үшін өте қажет. Оның айналасында үнемі мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Біз суды алып қана қоймай, оның белгілі бір бөлігін қайта құямыз. Бізді елдің табиғи мәселелер бойынша министрлігі бақылап отырады. Себебі біз шекаралас аймақта орнласқанбыз. Судың сапасы бойынша бізге ешқандай шағым айтылмады. Ал технология үшн белгілі бір су көлемі керек»,- дейді Бобович.

Еске салсақ, Островец қаласында БелАЭС орнласқан. Ол елді 40 пайыз энергиямен қамтып отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.