$ 492.14  528.85  5.01
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2024, 11:52
Саясат

Мүдделер қақтығысы бар ма: ағасы министр Алтынбек Сапаровтың бизнесі солтүстікте өркендеп тұр (ВИДЕО)

Облыс әкімі бұл жағдайда мүдделер қақтығысы жоқ деп отыр

Бүгін үкіметке келген СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов журналистердің сұрағына жауап бере отырып, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың інісі Алтынбек Сапаровтың бизнесі туралы айтты, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Журналистер оған «ауыл шаруашылығы министрінің туыстары солтүстіктің жерлерін алып алғаны рас па?» деген сұрақ қойды. Нұрмұхамбетов бұны жоққа шығарып, әкім болмай тұрған кезде, 2014 жылдары осы өңірдегі бизнесті бақылайтын инспектор болғанын және бұндай жағдайлар кездеспегенін айтты. Дегенмен, Айдарбек Сапаровтың інісі Алтынбек Сапаров қазір солтүстікте бизнесін көркейтіп отыр дегенді растады.

«Сапаровтардың әулетінде бизнес бар. Оның бауыры Алтынбек Сапаров егін егеді. Мен оның жеріне барғамын. Тек Сапаровтар ғана емес, Зенченко (Геннадий Зенченко – ред.,), Шәймерденовтер (Біржан Шәймерденов – ред.,) сияқты ірі шаруалар мемлекеттің қолдауын көріп отыр», - деді Нұрмұхамбетов.

Әкім солтүстіктегі ең ірі шаруа қожалығының иесі Алтынбек Сапаров «салық, әлеуметтік міндеттемелер жағынан облыстағы норманы орындап отыр» деді. «Оның шаруа қожалығы біздің облысымыздағы ең мықты кәсіпорындардың бірі», - деп атап өтті ол.  

Журналистер Ғауез Нұрмұхамбетов  «сонда еліміздің ауыл шаруашылығы министрінің інісі ауыл шаруашылы саласында жұмыс істейтіні мүдделер қақтығысына әкеліп соқтырмай ма?» деген сұрақ қойды.

«Менің білуімше, Алтынбек Сапарлв ағасы министр болмай тұрып жұмыс істеген. Егер қандай да бір мүдделер қақтығысы болса, құқық қорғау органдары назар аударады деп ойлаймын», - деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгін үкіметте журналистердің сұрағына жауап берген СҚО әкімі Петропавлдың атын қазақшалау маңызды мәселелер қатарынан емес деген пікірін айтқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары