09.08.2024, 13:45
Саясат
Консультативтік кездесу қорытындысы: президенттер қол қойған құжаттар
ОА мемлекеттері басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды
Фото: Ақорда
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер бірнеше құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар:
- Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі;
- «Орталық Азия – 2040» аймақтық кооперацияны дамыту тұжырымдамасы;
- Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің «Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёевті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Құрмет белгісімен марапаттау туралы» шешімі.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі арқылы мынадай құжаттар мақұлданды:
- Аймақтық ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы;
- Орталық Азия мемлекеттерінің өндірістік кооперациясын дамыту бойынша 2025-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі аясында ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:
- Орталық Азия мемлекеттерінде көлік-логистикалық орталықтарын дамыту жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;
- Орталық Азия мемлекеттері энергетика министрлерінің бірінші кездесуінің қорытындысы бойынша коммюнике;
- Орталық Азия мемлекеттері көлік министрлерінің екінші кездесуінің Астана коммюникесі.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 17:55
Алматы мен бірқатар өңірде жаппай жарық өшті: Энергетика министрлігі себебін түсіндірді
14.08.2026, 18:18
Астана – Щучинск автожолында газель өртеніп кетті (ВИДЕО)