29.07.2024, 12:52
Саясат
Тоқаев Ақордада энергетика министрі Сәтқалиевті қабылдады
Сәтқалиев президентке елдегі мұнай өндірісінің көлемі туралы ақпарат берген
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Сәтқалиев президентке жыл басынан бергі отын-энергетика кешенінің дамуы туралы есеп берген.
«Осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілді. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жетті», - деген Сәтқалиев.
Тоқаев кездесуде Сәтқалиевке жылыту маусымына дұрыс дайындалып, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді