$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2024, 12:39
Саясат

Марат Қалқабаев ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен кетті

Тоқаев тиісті өкімге қол қойды

Марат Қалқабаев ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен кетті
Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Қалқабаевты Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», - деп жазды Ақорда.

Айта кетейік, генерал-майор Марат Қалқабаев ІІ дәрежелі «Даңқ», ІІ дәрежелі «Айбын»  ордендерімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

1984-1995 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды;

1995-2013 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды;

2013 жылғы қазаннан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған.

Серіктес жаңалықтары