«Осы қыз ұтады»: Әнші Айқын саясатқа бас сұғып, Камала Харрис үшін бәс тікті (ВИДЕО)
Ол АҚШ-тың келесі президенті әйел болатынына сенімді

Әнші Айқын Төлепберген саясатқа араласып, АҚШ-тағы президент сайлауында кім жеңетінін болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Джо Байден президент сайлауынан бас тартты. Демократтардың атынан президенттікке елдің қазіргі вице-президенті Камала Харрис ұсынылады. Сол қыз ұтады. Себебі, ол – азиат. Барлық азиаттар оған дауыс береді. Оған қоса ол – әйел. Барлық қыз-келіншектің дауысы да соныкі. Тәжірибесі көп заңгер. АҚШ-та тұңғыш рет әйел президент болғалы жатыр», - дейді әнші.
Айта кетейік, саясаттан алыс болса да, Айқынның болжамы орындалып қалуы әбден мүмкін. Себебі АҚШ-та президенттікке үміткер Камала Харрис қарсыласы Дональд Трампты басып озды. Респонденттердің 44 пайызы вице-президентті қолдаған.