Орбанның Путинмен кездесу жоспарын жұмбақтауына не себеп

Темірхан Айжан

Ол 2 маусымда Киевке сапарлап барды 

Орбанның Путинмен кездесу жоспарын жұмбақтауына не себеп
Фото: BBC

Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан бүгін Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі мүмкін. Бұл туралы әлемдік ақпарат құралдары жазып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орбан Путинмен кездесуі туралы хабарды өзі растамаған. Кремль тарапы да не растап, не жоққа шығармай отыр.  

«Бұл қадамдар шетін жағдай болғандықтан, ол туралы іс нақты болғаннан кейін айту керек»,-деді Орбан Kossuth радиосына берген пікірінде.

BBC-дің жазуынша, Венгрия басшысының бұл жұмбақ қылығы ЕО елдерін алаңдатып қойды. Венгрия Ресей-Украина соғысы басталғалы Ресеймен тығыз байланысты ұстап қалған ел. Еуропа Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Орбанның ЕО атынан Ресей мен Украина жағдайына байланысты сөйлеуіне мандаты жоқ екенін еске салды.

Көп ұзамай Орбанның өзі Ресеймен Украина қақтығысы туралы ЕО атынан сөйлей алмайтынын, оған құқығы жоғын айтты.

Бұған дейін Венгрия премьері Киевке сапарлаған. Бұл оның 12 жылдағы бірінші сапары болды. BBC-дің жазуынша, Орбан мен Зеленский бір-біріне жылы қабақ таныта қоймаған, БАҚ құралдарының сұрақтарына екеуі де ләм-ми деп жауап бермеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.