Эксклюзив: Тоқаев Евразия құрлығындағы ең мықты дипломат – Ельциннің бұрынғы кеңесшісі

Темірхан Айжан

Ол Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық қызметін жоғары бағалады

Эксклюзив: Тоқаев Евразия құрлығындағы ең мықты дипломат – Ельциннің бұрынғы кеңесшісі
Фото: скриншот

Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің кеңесшісі болған саясаткер Сергей Станкевич Қазақстанның бағы бар ел дейді. Өйкені, оны бүгінде Еуразиядағы ең білікті дипломат басқарып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Саясаткердің сөзінше, екі алпауыт мемлекет – Ресей мен Қытайдың ортасында отырып, жылы қарым-қатынас ұстай білу екінің бірінің қолынан келмейді.

«Қазақстанның қолынан келіп тұр. Қазақстан жалпы алғанда ерекше рөлге ие, себебі тағдырдың жазуымен екі негізгі алпауыттың ортасында орналасқан. Оңтүстігінде Қытаймен, Солтүстігінде Ресеймен шектесіп жатыр. Сондықтан ол көршілерімен жақсы қарым-қатынас ұстай білу керек, одан бөлек Қазақстан бәрі келіп бас қосатын, мүдделерін келісетін орталық. Осы рөлді Қазақстан көз алдымызда өте керемет атқарып отыр. Қазақстанның халқы бақытты, себебі оны Еуразиядағы ең мықты дипломат басқарып отыр», - деді ол.

Сонымен бірге, Сергей Станкевич Астанадағы ШЫҰ-ғы Қазақстанның төрағалығын өте жоғары бағалады.

«ШЫҰ ұйымының ең басты міндеті – біздің қытайлық достарымыз айтқандай, зұлымдықтың 3 түрімен күресу. Олар экстремизм, терроризм және сепаратизм. Бірақ одан да басқа қауіптер бар. Мысалы, энергетикалық, азық-түлік, ядролық қауіпсіздік. Осы мәселелермен ШЫҰ алдағы уақытта да айналыса береді. Болашақта бүкіл Еуразияның осындай мәселелерімен айналысатын болады деп ойлаймын», - деді саясаткер.

Еске салайық, бүгін Астанада ШЫҰ-ның саммиті өтіп жатыр. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.