«Қазақстан ойлап тапқан жаңалық емес»: сарапшы Астананың ШЫҰ саммитіне қатты дайындығы туралы
Сарапшының айтуынша, қауіпсіздік шараларын күшейту әлемдік тәжірибе
Астанада басталған ШЫҰ саммитіне Қазақстан биыл өте қатты дайындалды. Елордада жолдар жабылды, көшелерде танкілер жүрсе, ал әуеде әскери ұшақтар ұшты. Мұның бәрі қала тұрғындарының түсінбеушілігін тудырғаны рас. Azattyq Rýhy тілшісі саяси сарапшы Ерлан Ахмедиден қауіпсіздік шараларының күшеюіне қатысты пікірін сұрады.
Ахмедидің айтуынша, бұл тек біздің елімізде ғана емес, әлем мемлекеттерінде қолданылатын тәжірибе.
"Бұл біздің еліміздің ойлап тапқан жаңалығы емес. Әлемдік тәжірибеде де осындай мысалдар бар. Еуропада болсын, АҚШ-та болсын, Азия мемлекеттерінде болсын, міндетті түрде осындай қауіпсіздік шаралары ескеріледі, қолданылады. Өйткені он алты елдің президенттері, үкімет басшылары, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың басшылары, әртүрлі қонақтар келіп жатыр. Яғни олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс нәтижелі болу үшін жайлы жағдай жасау өте маңызды. Яғни бұл халықаралық тәжірибе, біз ешқандай жаңалық ашып жатқан жоқ. Бұл қалыптасқан жүйе», - дейді сарапшы.
Ерлан Ахмеди қауіпсіздік шараларының күшейтілгені өте дұрыс деп санайды.