Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылған

Фото: gov.kz

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жоқ. Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты», - деп жазды ол.

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдаған.