Кәрім Мәсімов президент Тоқаевтан рақымшылық жасауды өтінді

Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында отыр

Кәрім Мәсімов президент Тоқаевтан рақымшылық жасауды өтінді
Фото: Kenzaburo Fukuhara/Pool via REUTERS

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Қазір Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр. Рақымшылық туралы өтінішті ол биыл наурыз айында берген.

«Шынымен де, ол осы мекемеден 2024 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы президентінің атына рақымшылық туралы өтініш жіберді», - деп мәлімдеді ҰҚК.

Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің тағы екі бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру және аса ірі көлемде пара алу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы бойынша сотталды. Ол мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алмақ болғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.