Бельгия үкіметі сайлаудағы жеңілістен кейін отставкаға кетті
Сайлауда премьердің партиясы жеңіліс тапты

Бельгия премьер-министрі Александр Де Кроо өзінің Open VLD партиясының заң шығарушы органдар арасындағы сайлаудағы жеңілісіне байланысты 10 маусымда отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Біз үшін бұл өте қиын кеш, біз жеңілдік. Ертеңнен бастап мен отставкаға кетемін, - деді ол жексенбі күні.
А. Де Кроо сайлау жеңімпаздарын құттықтады. Оның партиясы федералды сайлауда 5,9 пайыз және аймақтық сайлауда 8,1 пайыз дауыс жинады.
Бельгия ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланған алғашқы болжамға сәйкес, «Жаңа фламанд альянсы» партиясы 24 орындық жетекші парламенттік топқа айналады.
Синьхуа хабарлағандай, реформа қозғалысы Брюссельде де, Валлонияда да шешуші жеңіске жетті.
Жексенбіде бельгиялықтар жаңа федералды, аймақтық парламенттерге және Еуропалық парламент мүшелеріне дауыс берген еді.