Қазақстандағы депутаттар жыл бойы қалай жұмыс істегені белгілі болды

Azattyq Rýhy

Осы сессияда олар 102 заң жобасын қабылдаған

Қазақстандағы депутаттар жыл бойы қалай жұмыс істегені белгілі болды
Фото: parlam.kz

Парламент палаталарының VIII сайланған құрамының 2 сессиясында палаталар 5 бірлескен отырыс, мәжілістің 39 жалпы отырысын және сенаттың 43 жалпы отырысын өткізген. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының жылдағы Жолдауларын, Президенттің сайлауалды бағдарламасын, Ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдерді іске асыру депутаттық корпус қызметінің негізгі өзегіне айналды. Осыған байланысты екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі де мазмұнды болды», - деді Қошанов отырыста.

Оның мәліметіне сүйенсек, осы сессияда палаталардың 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өткен.

«Сессия барысында екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды. Оның 102-сі қабылданды. Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасы бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді. Біз басты қаржы құжатын – республикалық бюджетті қабылдадық», - деді Қошанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.