$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.06.2024, 15:50
Саясат

Қазақстан Айдос Садықовты атты деген күдіктілерді Украинаға бермейді – Мәулен Әшімбаев

Ол Қазақстан жалпы өз азаматтарын өзге елдерге бермейді деген ұстанымды жеткізді

Қазақстан Айдос Садықовты атты деген күдіктілерді Украинаға бермейді – Мәулен Әшімбаев
Фото: Aidos Sadykov / X

«Бәсе» арнасының иесі Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдіктілер Украинаға берілмейді. Бұл туралы бүгін парламент кулуарында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенат төрағасы алдымен «Садықовтың өліміне Қазақстан билігі мүдделі болды» деген мәлімдемелерді провокацияға балап, пікірін айтты.

«Қазақстан Айдос Садықовтың өліміне мүдделі болды» деген кез келген мәлімдемелер шындыққа жанаспайтын провакциялар. Бұған қатысты мемлекет басшысы өзінің көзқарасын танытып, мәселеге қатысты комментарий берген», - деді Әшімбаев.

Әшімбаев сондай-ақ Айдос Садықовты атты деген күдіктілерді Украинаға бермейтінін мәлімдеді.

«Еліміздің заңнамасына сәйкес біздің республика азаматтарымыздың құқықтарына басымдық береді. Сондықтан мұндай жағдайларда біздің еліміз заңнамаға сәйкес Қазақстан азаматтарын бермейді. Бұл жалпы жағдайға қатысты емес, жалпы принцип: Қазақстан өз азаматтарын басқа мемлекеттерге бермейді», - деді Әшімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Украинада журналистке қастандық жасады деген айыппен 33 жастағы Мейрам Қаратаев пен 36 жастағы Алтай Жақанбаев ұсталды. Екеуі де Қазақстан азаматтары. 

Серіктес жаңалықтары