19.06.2024, 12:49
Саясат
«Менің қайын атам – депутат»: цифрлық даму министрінің қызметіне Тұрғанов араласты ма
Жаслан Мәдиев өзінің лауазымы заң аясында бекітілгенін айтады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәжілістегі қайын атасы Дүйсенбай Тұрғановтың жаңа лауазымына қатысы жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаслан Мәдиев көктемде осы лауазымға тағайындала сала әлеуметтік желіде оның депутаттық корпустағы қайын атасы туралы ақпарат қатар тараған. Бүгін мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген ол Дүйсенбай Тұрғанов қайын атасы екенін ашық айтты.
«Иә, ол кісі менің қайын атам. Ал менің лауазымымды бекіту процессі заң аясында жүрді», - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда министрлердің кандидатурасын мәжіліс бекітеді.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
