Қазақстанның шенеуніктері Ақордада Оңтүстік Кореяның бірінші ханымына сүйсіне қарады (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Оның ерекше стилі бар және ол өз жасынан жас көрінеді

Қазақстанның шенеуніктері Ақордада Оңтүстік Кореяның бірінші ханымына сүйсіне қарады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Елімізге алғаш рет табан тигізген Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ельдің жұбайы Ким Кон Хи «қуыршақ ханым» ретінде танымал. Бүгін Ақордада Қазақстанның шенеуніктері оған қиыла қарап, сұлулығына сүйсінген. Әсіресе, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Ким Кон Хи ханымға қатты көз тікті. Одан бөлек қазіргі сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, вице-премьер Роман Скляр, президенттің кеңесшісі Ерұлан Жамаубаевтар қадірлі қонаққа жылы көзқарас танытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Динара Сатжанның телеграмм-арнасында пайда болған бұл видеода ресми сапардың осындай қызық тұстары бейнеленген.

51 жастағы бірінші ханым өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Әлемдік басқосуларға ол киіп келетін киімімен жұртты таң қалдырған. Осылайша, ол танымалдылыққа ие болып, желіде өзінің фан-клубының ашылуына себепші болды. 

Ким Кон Хи мен Юн Сок Ель 2012 жылдың 11 наурызында үйленді, сол кезде жас жұбайлар 40 және 52 жаста болды. Ерлі-зайыптылардың балалары жоқ, бірақ төрт иті мен үш мысығы бар. 

Оңтүстік Корея жыл басында ит етін жеуге заң бойынша тыйым салды. Иттердің етін жеуге тыйым салу идеясын Бірінші ханым Ким Кон Хи ашық түрде қолдаған адам болды. 

«Үкімет жануарларға қатысты қатыгездік бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізеді деп үміттенемін. Сайып келгенде, ит етінен бас тарту - бұл адамның ең жақын досына деген құрмет пен өмірге деген құрмет», - деген еді Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.