$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.06.2024, 09:45
Саясат

Құны 400 млн теңге болатын әшекей мен мәдени құндылықтар Қазақстанға күшпен қайтарылады

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады

Құны 400 млн теңге болатын әшекей мен мәдени құндылықтар Қазақстанға күшпен қайтарылады
Фото:gov.kz

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару науқаны аясында Бас прокуратура стратегиялық кен орындарын, монополистік компанияларды, ондаған мың гектар жер, сондай-ақ өндіріс объектілерні, қонақ үй мен бизнес орталықтарын, вилла, пәтер, сәнді көлік, зергерлік бұйым сияқты активтерді тәркілеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Бас прокуратура басқа да жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті кешенді шаралар атқарып жатыр. Негізгі мақсат – мұндай активтерді Қазақстан тұрғындарының игілігі үшін заңды айналымға шұғыл тарту. Активтерді қайтару процесі қатаң түрде Заңға сәйкес және Заңның өлшем шарттарына сәйкес келетін адамдарға ғана қатысты жүріп жатыр», - деп ескертеді Бас прокуратура.

Дереккөзіне сүйенсек, Комиссия 325 млрд теңгеден астам сомаға активтерді мемлекетке қайтару туралы келісімдер мен талаптарды мақұлдаған.

«Сондай-ақ еліміздегі және шетелдегі құны 50 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке берілді. Олардың ішінде бірқатар стратегиялық кен орындары, монополистік компаниялар, ондаған мың гектар жер, сондай-ақ өндіріс объектілері, қонақ үйлер, бизнес орталықтары, виллалар, пәтерлер, сәнді көліктер, зергерлік бұйымдар және тағы басқалар. Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің мәжбүрлеп қайтару тетіктерін іске асыру шеңберінде көптеген активтер, оның ішінде пайда болуы түсініксіз активтерге қатысты талап қойылды. Олардың бірі бойынша 11 млн АҚШ долларынан астам қаржыны, сондай-ақ 400 млн теңге сомасына зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтарды мәжбүрлеп қайтару туралы сот шешімі қабылданып, күшіне енді», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Жалпы, 2022 жылдан бастап экономиканы демонополизациялау шараларын қоса алғанда жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңгенің активтері, оның ішінде шетелден 750 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылғаны хабарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары