$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.06.2024, 00:30
Саясат

Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бастаманы қолдайды – СІМ

ҚР СІМ түсініктеме берді

Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бастаманы қолдайды – СІМ
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бастамасына қатысты түсініктеме берді. Қазақстан халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін барынша қолдайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақ үйдің Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату, кепілге алынған адамдарды босату, гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Газа секторын қалпына келтіру жайлы негізгі ережелерден тұратын бейбітшілік бастамасын құптаймыз. Ұсынылған шаралар жүзеге асырылған жағдайда, олар бейбіт тұрғындардың қазасы мен құрбандар санын тоқтатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірде бейбітшілік орнауының алғышарты бола алады деген үміт білдіреміз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ СІМ ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде астанасы Шығыс Иерусалим деп белгіленген Палестина Мемлекетін құру туралы Қазақстанның мызғымас ұстанымын растады.

Серіктес жаңалықтары