$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар Әблязовтің жақтастарына 12,7 млн теңге аудармақ болған

Былтыр террористік қызметті қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін деген 52 күмәнді операция тоқтатылды

Қазақстандықтар Әблязовтің жақтастарына 12,7 млн теңге аудармақ болған
Фотоколлаж: azattyq-ruhy.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы екі жылда Қазақстанға терроризмді қаржыландыруға бағытталған ақша аударылмағанын және дәл осындай мақсатпен Қазақстаннан өзге елдерге қаржы жіберілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Есесіне былтыр елімізде тұратын отандастарымыз қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің жақтастарына 12,7 млн теңге аударуға тырысқан.

«​2023 жылы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп Қазақстанның 1201 азаматының ел аумағында тыйым салынған «ДВК» экстремистік ұйымының бақылауындағы банк карталарына 12,7 млн теңге аудару әрекетінің жолы кесілгенін хабарлаймыз», - делінген ҚМА жауабында.

Сондай-ақ былтырдан бері террористік және экстремистік қызметті қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін деген 52 күмәнді операция тоқтатылды. Қаражат сомасы 182 млн теңгені құраған. Алайда тексеріс барысында күмән расталған жоқ, ақша заңсыз мақсаттарға бағытталмаған.

«​Оның ішінде 2023 жылы – 3,3 млн теңгеге 2 операция, 2024 жылы – 178,7 млн теңгеге 50 операция тоқтатылды. ​Тиісті ақпарат ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберілді. Тексеру іс-шараларының нәтижесі бойынша заңсыз әрекет фактілері анықталмады және терроризмді қаржыландыру күдігі расталмады», - деп атап өтті агенттік.

Естеріңізге сала кетейік, «ДВК» (Қазақстанның демократиялық таңдауы) 2018 жылы экстремистік ұйым деп танылып, ел аумағында оған тыйым салынды.

 

Серіктес жаңалықтары