$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2024, 17:07
Саясат

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Терроризм мен экстремизмге қарсы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселесі қарастырылды

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органдардың басшылары мәлімет берді.

Мемлекет басшысы экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу, соның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру, дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдердің маңызды екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары