Иран президентінің қашан және қайда жерленетіні белгілі болды

Аягөз Құрмаш

Иранның вице-президенті Мохсен Мансури ақпарат берді

Иран президентінің қашан және қайда жерленетіні белгілі болды
Фото: AP/AP

Иран президенті Ибрахим Раисидің денесі бейсенбіде, яғни 23 мамырда елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында жер қойнына тапсырылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

М. Мансури сонымен қатар жексенбіде Шығыс Әзірбайжан провинциясында тікұшақ апатынан қаза тапқан И.Раиси мен оны ертіп келген экипаж мүшелеріне жоспарланған аза тұту рәсімдері туралы айтты.

«Әр түрлі провинциялардың тұрғындары аза тұту рәсімдеріне қатысуды сұрағандықтан, Иранның Білім министрлігі сейсенбіден жұмаға дейінгі барлық студенттік емтиханды тоқтатты»,- деді ол

Ел бойынша оқушылар сабақтан босатылады.

И.Раисиді жерлеу рәсімдері сейсенбіден бейсенбіге дейін Табризде, Кумда, Тегеранда, Бирджендте және Мешхедте өтеді. 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленеді.

Синьхуа хабарлағандай, Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Али Хаменеи дүйсенбіде оқиғаға байланысты бес күндік ұлттық аза тұту туралы жариялады.

Еске салсақ, Иран президенті болған тікұшақ апаты Шығыс Әзірбайжан провинциясының тауларында (әкімшілік орталығы – Табриз), Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде болған еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.