Антонио Гутерриш Газада қаза тапқан БҰҰ қызметкеріне қатысты оқиғаны толық тергеуге шақырды
Тағы бір қызметкер ауруханаға түскен

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Газада БҰҰ-ның Қауіпсіздік департаменті қызметкерінің қаза болуына қатысты көңіл айтты. Тағы бір БҰҰ қызметкері жараланып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы БҰҰ басшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак мәлімдеді.
Оның айтуынша, оқиға дүйсенбі күні таңертең болған. БҰҰ қызметкерлері отырған көлік Рафахтағы Еуропалық ауруханаға бара жатқанда шабуылға ұшыраған.
«Бас хатшы БҰҰ қызметкерлеріне жасалған барлық шабуылды айыптайды және толық тергеуге шақырады. Ол қайтыс болған қызметкердің отбасына көңіл айтады», - деп қосты ф.Хак.
Газадағы жанжал тек бейбіт тұрғындар үшін ғана емес, гуманитарлық қызметкерлер үшін де ауыр зардаптарға әкеліп жатыр. Бас хатшы тағы бір мәрте гуманитарлық атысты дереу тоқтатуға және барымтадағы барлық адамды босатуға шақырады.
БҰҰ қызметкері 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Газа секторында өлген БҰҰ-ның алғашқы халықаралық қызметкері болды. Жалпы, БҰҰ-ның 190-ға жуық палестиналық қызметкері қаза тапты.