$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

71 жастағы әйел президент болып сайланды

Солтүстік Македонияда президент қызметіне кіріскен Гордана Сильяновска Давкова ел тарихындағы тұңғыш әйел президент

71 жастағы әйел президент болып сайланды
Фото: ctvnews

Гордана Сильяновска Давкова 8 мамырда Солтүстік Македонияда өткен президенттік сайлауда жеңіп, ел басқаруға кірісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Македонияның ұлттық демократиялық одағы атынан сайлауға түскен Сильяновска Давкова 64,14 пайыз дауысты иемденіп, Македония социал - демократтар Одағы қолдаған бұрынғы президент Стево Пендаровскийді басып озған.

71 жастағы Гордана Сильяновска Давкова 1992-1994 жылдары парламенттік Конституциялық комиссияның мүшесі, министр, БҰҰ-ның сайлау жөніндегі сарапшысы, Еуропа Кеңесінің жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі сарапшылар тобының вице-президенті және Венеция комиссиясының мүшесі болған.

Бұған дейін 2019 жылы да президенттік сайлауға қатысып, жеңіліп қалған. Ол 2020 жылдан бастап Солтүстік Македония парламентінің депутаты болды.

Солтүстік Македония 2019 жылы НАТО-ның құрамына енген.

Серіктес жаңалықтары