$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2020, 03:17
Саясат

Минсктен 40 отандасымыз елге оралды

Олардың арасында коронавирус жұқтыру белгілері тіркелмеген

Минсктен 40 отандасымыз елге оралды

Коронавирус індетінің таралуына байланысты Қазақстан азаматтарын шетелден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2020 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Әскери-әуе күштерінің Әскери-көлік авиациясының атсалысуымен Беларусьтен Отанына Қазақстан азаматтары сәтті оралды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен біздің 40 отандасымызды, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған 6 баланы Қазақстанға қайтару жұмысы сәтті жүргізілді.

Жол бойы азаматтарымызбен әскери дәрігерлер еріп жүрді, барлығының деңсаулықтары жақсы, олардың арасында коронавирус жұқтыру белгілері тіркелмеген. Дегенмен, инфекциялық бақылау талаптарын сақтай отырып, оларды медициналық тексеру мен карантин күтуде», - делінген құзырлы министрлік таратқан ақпаратта.

Бұл іс-шара Беларусь аумағындағы ҚР азаматтарына күнделікті көмек көрсетуді жалғастырып жүрген Қазақстанның Минск қаласындағы Елшілігінің дипломаттары мен қызметкерлерінің тиімді жұмысының арқасында жүзеге асырылған.

Серіктес жаңалықтары