23.04.2024, 12:17
Саясат
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады
Фото: ANADOLU AGENCY
24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Кэмеронның іссапары кезінде оны ел басшылығы қабылдап, премьер-министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізеді», – делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылмақ.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды