$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.04.2020, 12:52
Саясат

Тоқаев «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасына жауап берді

Президент карантин күндері оқуға  болатын 10 кітаппен бөлісті

Тоқаев «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасына жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын жалғастырды деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Мемлекет басшысы бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

«Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында. Сондықтан, осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін. Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», - деп жазды ол.

Айта кетейік белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Президент Тоқаевтың атына эстафета жолдаған.  Мемлекет басшысы осы күндері оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімін ұсынды.

1. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік.
2. Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom.
3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.
4. Тұрсын Жұртбай. Құнанбай.
5. Ерлан Сыдыков. Кунанбай.
6. Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир.
7. Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future.

8. Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее.
9. Parag Khanna. The Future is Asian.
10. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan» және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.

Мемлекет басшысы осы мүмкіндікті пайдаланып, бұл эстафетаны барша отандастарына, әсіресе, жастарға жолдайтынын жеткізді. Ол әлем және қазақ әдебиетінен 30 кітаптың тізімін де жариялады.

Серіктес жаңалықтары