15.04.2024, 11:43
Саясат
Ресми Ереван Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатпен қарсы алды
Қазақстан президентін Арменияның премьер-министрі күтіп алды
Фото: Ақорда
Арменияның мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.
«Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды», - деп хабарлайды ресми Ақорда.
Дереккөзге сүйенсек, салтанатты рәсімнен кейін Тоқаев пен Никол Пашинян келіссөздерді өтетін залға барған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Тоқаев Ереван сапарынан соң елімізде су басып жатқан өңірлердің біріне барады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды