$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2024, 20:01
Саясат

Депутаттар тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде халықпен бірге болады – Ерлан Қошанов

Мәжіліс Төрағасы бұл аптада төменгі палатаның жалпы отырысы болмайтынын айтты

Депутаттар тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде халықпен бірге болады – Ерлан Қошанов
Фото: Facebook/Ерлан Қошанов

Елдегі су тасқыны барша қазақстандықты алаңдатып отыр. Мамандардың болжауы бойынша, өңірлерде болып жатқан табиғи апат шарықтау шегінен әлі өткен жоқ. Бұл туралы Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжіліс Төрағасы табиғи апатпен күллі қоғам күресіп жатқанын айтып, барлық ресурс су тасқынын еңсеруге бағытталғанын атап өтті.

«Бар күшімізді біріктіріп, су тасқынына ел болып төтеп беріп жатырмыз. Өңірлерде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты күллі қоғам Президенттің маңайына топтасты. Мәжіліс депутаттары да су басқан аудандар мен ауылдарда жүр. Олар Үкіметпен және жергілікті билік органдарымен бірге су тасқынына қарсы қолға алынған шараларға атсалысуда. Зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, мемлекет тарапынан көмек көрсету мәселелерін бақылауда. Гуманитарлық жүктерді жеткізуді ұйымдастырып, волонтерлердің жұмысын үйлестіріп жатыр. Осы қиын жағдайды ескере отырып, бұл аптада Мәжілістің жалпы отырысы болмайды. Қазір барлық күш, барлық ресурс су тасқынын еңсеруге бағытталып отыр. Депутаттар халықпен үнемі байланыста. Тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде халықпен бірге болады», - деп жазды Ердан Қошанов.

Серіктес жаңалықтары