БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Палестинаның БҰҰ-ға мүше болу өтінішін қайта қарап жатыр
Палестина БҰҰ-ға мүше болу өтінішін 2011 жылы берген

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Палестинаның БҰҰ-ға толық мүше болу туралы өтінішін қайта қарап жатыр. Өтініш жаңа мүшелерді қабылдау комитетіне тапсырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қауіпсіздік кеңесінің барлық 15 мүшесінен тұратын комитет осы мәселені дүйсенбі күні талқылады.
Өткен аптада Палестина өкілі БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке 2011 жылғы 23 қыркүйектегі Палестинаны БҰҰ мүшелігіне қабылдау туралы өтінішті қайта қарау туралы хат жолдады. Келесі күні Бас хатшы Қауіпсіздік кеңесіне өтінішті жеткізді.
БҰҰ жарғысына сәйкес, жаңа мүшелерді қабылдау туралы шешімді Бас ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша қабылдайды.
Синьхуа хабарлағандай, Қауіпсіздік кеңесі жаңа мүшелерді қабылдау жөніндегі комитетке өтінішті жібереді, комитет бұл мәселені қарастырып, өз қорытындылары туралы кеңеске хабарлайды. Содан кейін кеңес өз қарарында Бас ассамблеяға ұсыныс беру туралы шешім қабылдайды.
БҰҰ мүшелігіне қабылдау маңызды мәселе, Қауіпсіздік кеңесіне мүше болу үшін 15 мүшенің кем дегенде тоғызы келісім беруі керек.
БҰҰ мүшелігіне жаңа мемлекетті қабылдау үшін Бас Ассамблеяның үштен екі бөлігінің дауысы қажет.
Қазіргі уақытта Палестина БҰҰ-ға мүше емес, ол тек бақылаушы мемлекет мәртебесінде тұр.