05.04.2024, 17:55
Саясат
Тоқаев Өзбекстан өнеркәсіп тауарларының көрмесін аралады
Павильондарда арнаулы техника,тоқыма, химия, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі өнімдері көрмеге қойылған
Фото: akorda.kz
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері өнеркәсіп тауарларының көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Ақордаға сілтеме жасап.
Павильондарда арнаулы техника, электр техникалық жабдықтар үлгілері, бау-бақша шаруашылығының селекциялық жетістіктері, тоқыма, химия, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі өнімдері, жібек, тері және зергерлік бұйымдар көрмеге қойылған.

Президенттер шекаралас облыстар аумағында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар кластерін құрудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекеттер басшылары Арал теңізінің табанына сексеуіл егіп, аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін бірлескен күш-жігер жұмсау қажет екеніне назар аударды.

Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды