$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Тоқаев дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтады

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақорда» резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Ибтиссам Ракха Ахмед Хасан, Сербия Республикасының елшісі Владимир Йовичич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Томас Райзен, Австралия елшісі Джон Уильям Гиринг, Колумбия Республикасының елшісі Эктор Исидро Аренас Нейра, Сирия Араб Республикасының елшісі Башар Джафари тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынына назар аударды.

Серіктес жаңалықтары