«500 мың адамның өліміне әкелді»: Сирия АҚШ тың деструктивті саясатын айыптады
Мәлімдемені төрт ел бірлесіп жасаған

Сирияның сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының, Ұлыбританияның, Францияның және Германияның соңғы 13 жыл ішінде Сирияға енгізген «деструктивті саясаттың» жалғасы ретінде бірлескен мәлімдемесін айыптады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сирия қақтығысы басталуының 13 жылдығында Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция және Германия Сирия президенті Башар Асадтың режимін сириялықтарға қарсы «ауқымды қудалау мен қатыгездік жасады» деп айыптап, 500 мыңнан астам адамның өліміне және халықтың жаппай қоныс аударуына әкелді деген бірлескен мәлімдеме жасады.
Синьхуа хабарлағандай, Сирияның сыртқы саясат басқармасы төрт елді Сирияға қарсы соғыстың әртүрлі құралдарын қолданды деп айтыптады. Оның ішінде арандату науқанын қолдану, жаңылыстыратын ақпарат таратуды, террористік ұйымдар мен сепаратистік құрылымдарды қолдауды, заңсыз одақтар құруды және Сирия халқына қатысты адамгершілікке жатпайтын біржақты мәжбүрлеу шараларын енгізуді айыптады.
Бұның бәрі сайып келгенде Сирия аймағының бір бөлігін тікелей басып алуға әкелді.