15.03.2024, 11:50
Саясат
Палестина үкіметіне жаңа басшы келді
Премьер-министрге жаңа үкімет құру ісі тапсырылды
Фото: aa.com.tr
Палестина президенті Махмуд Аббас премьер-министрдің бұрынғы орынбасары және Палестина инвестициялық қорының төрағасы Мұхаммед Мұстафаны жаңа премьер-министр етіп тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолыға сілтеме жасап.
Ел президенті Мұхаммед Мұстафаға жаңа үкімет құруды тапсырды.
Палестинаның жаңа премьер-министрі болып тағайындалған Мұстафа Дүниежүзілік банкте және Палестина автономиясының мекемелерінде, соның ішінде Палестина инвестициялық қорында әртүрлі қызметтер атқарған.
26 ақпанда бұрынғы премьер-министр Мұхаммед Иштия үкіметі отставкаға кеткен болатын.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
