06.02.2024, 15:18
Саясат
Үкімет басшысы болып Олжас Бектенов тағайындалды
Мәжілістің 69 депутаты Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдап дауыс берді
Фото: kapital.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Партия фракцияларының ішінен 3 партия қолдап, екі партия дауыс бермеді.
Ал Мәжілістің 69 депутаты Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдап дауыс берді. 7 депутат дауыс беруден бас тартты.
5 қаңтарда Президент Қазақстан Үкіметін отставкаға жіберген еді.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
