$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжілістің 69 депутаты Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады

7 депутат дауыс беруден бас тартты

Мәжілістің 69 депутаты Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады
Фото: tengrinews.kz

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысының лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасына қатысты дауыс берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «AMANAT» партиясы ұсынған кандидатураны қолдаған болатын.

Мәжілістің 69 депутаты Олжас Бектеновтің кандидатурасына дауыс беріп, 7 депутат дауыс беруден бас тартты.

Олжас Бектенов депутаттарға оның кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.

5 қаңтарда Президент Қазақстан Үкіметін отставкаға жіберген еді.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары