15.12.2023, 15:41
Саясат
Тоқаев «Metal Former» зауытын аралап көрді
Мемлекет басшысына өндіріс цехы мен дайын өнімдер көрсетілді
Фото: akorda.kz
Президент жабындылар мен қаптама материалдарын шығаратын «Metal Former» ЖШС-нің өндіріс желісімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі нарыққа шығарылатын зауыт өнімі шетелден импортталатын алюминий профильдерді 15 пайызға дейін, ал шатыр жабындылары мен фиброцемент панельдер импортын 40 пайызға дейін алмастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысына өндіріс цехы мен дайын өнімдер көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев импорттан келетін құрылыс материалдарын өзіміздің отандық өнімдер алмастыруы керек екеніне назар аударып, мұндай кәсіпорындарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Президент зауыт жұмысшыларына табыс тіледі.


Көп оқылған
21.06.2026, 10:46
Қапшағай су қоймасына 20 жастағы бойжеткен батып кете жаздады
21.06.2026, 16:55
Түркістан облысында бес жасар бала пойыз астына түсе жаздады
21.06.2026, 07:32
21 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады
21.06.2026, 12:29
Көкшетауда ірі көлемде есірткі сатпақ болған тұрғын ұсталды
21.06.2026, 20:29
Аптап ыстық басылар емес: 22 маусымға дауылды ескерту жарияланды
21.06.2026, 11:59
Әлем кубогі: Қазақстан құрамасы көркем жүзуден күміс жүлде иеленді