$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.10.2019, 22:23
Саясат

АҚШ Конгресі Трамп импичментіне қатысты дауыс беруді кейінге қалдырды

Бұл туралы АҚШ Конгресінің төрағасы Нэнси Пелоси мәлімдеді

АҚШ Конгресі Трамп импичментіне қатысты дауыс беруді кейінге қалдырды
Фото: businessinsider.com

«Палата спикері Нэнси Пелоси демократтар Америка президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау процедурасына рұқсат беруге қатысты дауыс беруді кейінге қалдырды», деп жазады Fox News.

Басылымның хабарлауынша, Пелоси заңда дауыс беруді дәл қазір өткізуге қатысты талап жоқ екенін алға тартқан. Бұл шешім Ақ үй мен республикалық партия өкілдері тарапынан қысым күшейгендіктен қабылданған.

Жақында Пелоси Ақ үйдің Трамптың импичментіне қатысудан бас тартуы тергеу жұмыстарына кедергі келтіріп, демократияны сатып кету әрекетіне теңелетінін айтқан еді. Бұған дейін Ақ үй Конгреске импичмент жариялауға қатысты мәселенің ешқандай заңды негізі жоқ екенін айтқан болатын.

АҚШ Конгресі Трамп импичменті процедурасын 25 қыркүйекте бастаған еді. Оған Дональд Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы болған әңгімесі әсер еткен болатын.

Серіктес жаңалықтары