03.04.2020, 14:50
Саясат
Даниал Ахметов бірқатар ауыс-түйіс жасады
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
фото: facebook.com/AkhmetovDanialkz
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке бұған дейін ШҚО әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болған Алмасхан Сматлаев тағайындалды.
Алмасхан Бауыржанұлы 2014 жылдан бастап облыс әкімдігінде жұмыс істеді, облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарды. 2018 жылдан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Сондай-ақ, бұған дейін облыстағы ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған Ержан Ахтанұлы Нұрбаев облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді