Ресейдің 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей серіктестік байланыс орнатты - Путин

Аягөз Құрмаш

Ол бүгінгі форумда 100 млн доллардың келісімі жасалатынын айтты

Ресейдің 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей серіктестік байланыс орнатты - Путин
Фото: akorda.kz

Ресей президенті  Владимир Путин Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында өткен форумда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Путин екі елдің өңірлік кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық нығая түсіп жатқанын айтты.

«Бұл күндері Қостанайда елдеріміздің 30-дан астам өңірінің өкілдері жиналғаны маңызды. Билік органдарының басшылары, заң шығарушылар, министрліктердің, ведомстволардың, ғылыми және қоғамдық топтардың өкілдері. Яғни, күнделікті негізде біздің қарым-қатынастарымыздың барлық кешенін дамытумен айналысатындар бар. 

«Қазіргі таңда Ресейдің 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей серіктестік байланыс орнатты. Бүгінгі форум аясында 100 млн доллар бірқатар келісім мен меморандумдарға қол қою қарастырылған. Бұл Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығының белсенді дамып жатқанын көрсетеді», - деді Владимир Путин.

Путин былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 10 пайызға артқанын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.