Жұманғарин Ресей президентінің Қазақстанға сапары жайлы пікір білдірді
Путин аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысады
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей президентінің Қазақстанға келуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Журналистер «Ресей президентінің сапарына байланысты тәртіпсіздіктер туындауына ықтималдылығы жағынан Үкіметте қандай да қорқыныш бар ма?» деп сұрады.
«Жоқ, мен қорықпаймын. Неге олай деп ойлайсыз? Бұл біздің тату көрші, оның ішінде сауда-экономикалық қарым-қатынастары бар. Мені ең қызықтыратын нәрсе осы. Ол Қостанайдағы форумға қатысады. Бұл форумға қазірдің өзінде 20 жыл болды. Биыл онда ең алдымен біздің елдеріміздің тұрғындары мен бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелерін талқылаймыз. Бұл форум да ауыл шаруашылығындағы ауқымды мәселелерге арналады, - деді Жұманғарин.
Сондай-ақ, ол форумда ауыл шаруашылығын дамыту, цифрландыру бағытына басымдық берілетінін айтты.
«Бұл жерде қандай саясат болуы мүмкін? Бұл жерде таза экономикалық және сауда қарым-қатынастары талқыланады», - деп нақтылады вице-премьер.
Еске салсақ, 9 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ